Құқық қорғаушылар Жаңаөзен оқиғасы толық зерттелсін деп талап қойды

Биыл қайғылы оқиғаға 10 жыл толады


15/12/2021
16:47 38089 0

Фото: lada.kz

 

Қазақстанның құқық қорғау ұйымдары — «Либерти» қоғамдық қоры, Адам құқығы жөніндегі бюро, Халықаралық құқықтық бастама, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қоры Жаңаөзен оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен азапталғандардың істері жіті тексерілгенін талап етті. 

 

— 2012 жылы айып тағылған жұмысшылар тергеу кезінде азап көргенін, таяқ жегенін айтты. Осы айтылғандардың бірі де жіті, әділ зерттелген жоқ. Бес полицей билігін асыра пайдаланғаны үшін жазаға тартылды, бірақ қарусыз халыққа оқ ат деп оларға кім бұйрық бергені белгісіз қалды, — дейді құқық қорғаушылар өз мәлімдемесінде. 

 

Ұйымдар мыналарды талап етіп отыр: 

 

  • азаптау фактілерін анықтап, оған кінәлілерді жазалауды;
  • 16, 17, 18 желтоқсанда ұсталған әйелдерді зорлау фактілерін зерттеуді;
  • Жақсылық Тұрабаев, Жансауле Қарабалаева, Базарбай Кенжебаев, Александр Боженко, Төребек Төлегенов мен Ғалымжан Кенжебаев мен тізімде жоқ өзге көз жұмғандардың өлімін зерттеуді;
  • Сол оқиғаны басқан мемлекеттік органдар (әкімдік, полиция департаменті, прокуратура органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті) мен «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», «Ерсай каспиан контрактор» мұнай компанияларының сол кездегі іс-әрекетін тексеруді;
  • Қазақстан үкіметі қаза тапқандар мен жаралағандардың отбасына материалдық өтемақы төлеуін.
Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2021 16:47
38089 0

Уведомление